Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірдің ұстаздарымен кездесу өткізді

Өңірдің ұстаздарымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы және Агенттік  жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі   Ырза Тұрсынзада облысқа жұмыс сапары барысында  білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.
Жиын  барысында  Қызылорда облысының бас ұстазы Ақзира Қасымова өскелең ұрпақты рухани – адамгершілікке, парасаттылыққа және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, әділетті және парасатты тұлғаны тәрбиелеу барысында "Саналы ұрпақ" және "Адал ұрпақ"  клубтарының  маңыздылығы туралы қатысушылармен ой бөлісті.
Өз кезегінде Ғанижан Асанұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін басты назарға алуды ұсынды.
Кездесу соңында Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі  Ырза Тұрсынзада  білім алушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңірудегі және парасатты қоғам тәрбиелеудегі білім саласының орны орасан зор екендігін атап өтті.
Кездесуге Қызылорда қаласындағы жоғарғы және  арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, ал қалалық және аудандық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернаттардың директорлары Zoom платформасы арқылы қосылды.
02 қараша 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930