Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің» ұжымымен кездесу өткізді

«Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің» ұжымымен кездесу өткізді

2020 жылғы 5 қазанда «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы мен Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Дулатов Ықлас Дулатұлы Zoom платформасы арқылы «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің» ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Бектайұлы–колледж ұжымында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және қызметтерін заң шеңберінде адал атқару қажет екендігін хабарлай отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсынды.
Өз кезегінде Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ықлас Дулатұлы  - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, парасатты қоғам тәрбиелеудегі білім саласының орыны орасан зор екендігін атап өтті.
07 қазан 2020 ж. 1 122 0