Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

«Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

Ағымдағы жылдың 18 мамырында жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті.
Дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткізілетін осы жолғы «Адалдық сағатының» өзіндік ерекшелігі болды.
Біріншіден, биыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы.
Ол өзінің 176 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қарасөзін бізге өнегелі мұра ретінде қалдырды.
Еңбектерінде адал еңбекті, жалпы адалдық қасиетін дәріптеген. Дана халқымыз ұлы ойшыл жайлы «Абай болу, алдымен адам болу» дейді.
Сондықтан, «Адалдық сағатының» тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде анықталды.
Басты мақсат – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.
Екіншіден, қазіргі карантин жағдайында бұл акция алғаш рет онлайн форматта өтті.
Оның аясында еліміздің барлық білім ошақтарының 760 мыңнан астам жасөспірімі қамтылды.
Акция онлайн форматта болғандықтан, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен алдын ала келісіп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілуде.
Одан бөлек, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерінде көрсетілуде.
Бейне-дәріс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды.
Онлайн форматта өткен осы іс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды.
Оның тәрбиелік маңыздылығы туралы өңірлердегі ақпарттық-ағартушылық топ мүшелері, «Adaldyq alańy» жобалық кеңсе жетекшілері, қоғам белсенділері сұхбат беріп, БАҚ арқылы пікірлерін жариялады.
Ал жастар болса, онлайн дәріс өткеннен кейін өз пікірлерімен желіде бөлісіп, флешмоб ретінде Абайдың адалдық, әділдік, парасаттылық туралы шығармаларын оқып, ойларын ортаға салды.
Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бірқатар басымдықтарды көрсетті:
Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық білім беру ошақтары қамтылды. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.
Екіншіден, әлеуметтік желіде жастармен тиімді кері байланыс орнатылды. Бейне-дәрістің бір жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа тетігіне айналды.
Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.
Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.
Биыл елімізде бүкіл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Ол өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.
Сондықтан, келесі «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=90698
23 шілде 2020 ж. 10 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (8813)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (8812)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (8811)

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам