Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік органдардағы оң тәжірибелер насихатталады

Мемлекеттік органдардағы оң тәжірибелер насихатталады

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қызылорда облыстық статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға берумен қатар, олардың құқықтарының қорғалуына мүдделі Кеңестің мүшелері облыстық статистика департаментіндегі жұмыстарға оң баға берді.
Статистика департаментінде 108 мемлекеттік қызметші және 35 штаттан тыс қызметкер жұмыс жасайды.Қызметкерлердің кіру және шығу уақыты арнайы жүйемен есепке алынып, жұмыс күнінің соңында компьютерлерді автоматты түрде ажырататын «ForceShutDown» бағдарламасы орнатылған.Шұғыл тапсырмалар орындалатын жағдайда жұмыс уақытын ұзарту үшін себептерді таңдап, қажет бағдарламаның деректер қорына енгізіліп, жауапты хатшының сұрауы бойынша ғана жіберіледі.
Департаментпен мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының4-тармағымен көзделген тәртіппен ғана тарту, үстеме жұмыс үшін заңнамамен көзделген демалыс күндері (сағаттары) берілуін, өтемақы төленуін қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Яғни, қызметтік қажеттілікке байланысты шұғыл жұмыстарды атқару үшін жұмысқа тартылған қызметкерге заң аясында ақысы төленетін демалыс күні беріледі.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бойынша жеке консультативті көмек берілуі үшін 32 қызметкер жеке қабылдауда болып, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2 рет анонимді сауалнама жүргізілген.
Сондай-ақ, статистика департаменті тарапынан тоқсан сайын ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасы арқылы мониторинг жасау жолға қойылған.Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер анықталған жағдайда, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Кеңес мүшелері Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарған жұмысын жақсы бағалап, артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау мақсатындағы Департаменттің оң тәжірибесін өзге мемлекеттік органдарға үлгі ретінде ұсынуға шешім қабылдады.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
12 маусым 2020 ж. 506 0