Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыс қаласының оқушылары Қарқаралыда демалып жатыр

Арыс қаласының оқушылары Қарқаралыда демалып жатыр

Қарқаралыдағы демалыс орнына Түркістан облысының Арыс қаласынан 30 бала келді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Сарыарқаның інжу-маржаны саналатын демалыс аумағына саяхатты олар үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ұйымдастырды. ЖОО сапар бойынша барлық шығындарды өз мойнына алып, «Политехник» демалыс базасын ұсынып, жас туристер үшін танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.
«Әзірге Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін үйлер қалпына келтірілуде, біз балалардың демалуына және «Политехник» демалыс базасында сауығуларына мүмкіндік беруді шештік. Ол Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің көркем жерінде орналасқан. Балалар лагерьге 25 шілдеде келіп, 15 күнді осында өткізеді. Олардың бос уақытын тәлімгерлер, аниматорлар мен экскурсия өткізушілер ұйымдастырады», - деді ҚарМТУ аппаратының жетекшісі Гүлназ Мусина.
Бағдарлама кең ауқымды. Кураторлық қызметті «Жас Орда» жастар ұйымының белсенділері мен университеттің жастар саясаты департаментінің өкілдері өз мойнына алды. Шеберлік-сыныптар мен тренингтер балалардың білімі мен қабілеті деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүлдіршіндер туристік серуендерге барады, байқаулар мен ойындарда, зияткерлік және спорттық жарыстарда бір-бірімен бәсекелеседі. Экскурсия кезінде олар табиғи саябақтың қызықты жерлерін, тарихы бай Қарқаралы көне қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.
 
30 шілде 2019 ж. 1 210 0