Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еркектер не ерте, не кеш қызғана бастаймыз - Нұрсұлтан Назарбаев

Еркектер не ерте, не кеш қызғана бастаймыз - Нұрсұлтан Назарбаев


«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына іріктелген жеңімпаздармен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ер адам мен әйел тең құқылы болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасымен кездесу барысында Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері Хадича Хаңырат 5 тілде сөйлеп, 3 тілде сабақ беретінін айта келе, ата-анасының ғылым жолына түсуіне кедергі болғанын атап өтті.
«Сіздің ата-анаңызға да рухани жаңғыру керек. Көрдің бе? Қазір заман талабы өзгерді. Ол ата-ананың кінәсі емес. Оларды заман солай тәрбиеледі ғой. Біздің ортаңғы және одан үлкен ұрпақ бәрі солай тәрбиеленді. Ол мінезімізді де өзгертуіміз керек. Біз уақытымызды патернализм заманында өткіздік. Үйдегі еркек маңызды рөлді атқарды. «Оған барлығы бағынуы қажет. Басқалардың ешқандай құқығы болмауы керек» деген түсінік әлі күнге дейін бар. Үй ішіндегі келеңсіздік, бір-бірімен келіспеу бар. Барлығы осыдан қалған. Содан арылу керек. Әр адамның бас бостандығы болмаса, әйел мен ерінің арасында махаббат болмайды. Ешкімді жұдырақтап, тоқпақтап сүйдіре алмайсың, олай ешкіммен дос та бола алмайсың. Солай ғой?», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы әлі күнге дейін кейбір мемлекеттерде әйелдердің құқығы шектеліп отырғандығын баса айтты.
«Кейбір елдерде адамдар 30-35 жасында, кеш үйленеді? Себебі, әйел материалдық тұрғыда, қаржы жағынан тәуелсіз болуға ұмтылады. Әйел қызметтік мансабын жолға қойғаннан кейін отбасын құрады. Сонда екеуі де тең құқылы болады деп есептейді. Әйел де, еркек те тәуелсіз болуы қажет. Біз еркектер не кеш, не ерте қызғана бастаймыз. Бұл қажет емес қой», - деді ҚР Президенті.
04 маусым 2019 ж. 861 0