Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаудан күтер үміт мол

Сайлаудан күтер үміт мол

Қазақ мемлекеті қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі өркениетті елдермен терезесін теңестіріп алға жылжып келе жатқан,бейбіт өмір кешіп отырған ел.
Еліміздің ата заңында «Қазақстан Президенті- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конститутцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының нышан символы әрі кепілі» деп жазылған. Сайлау саяси науқан. Осындай аса маңызды сәттерде көптеген елдер басшысына иек артқан, бірлік пен берекені биік ұстап ынтымақ бар жерде ырыстың бар екенін терең түсінген.
Қазақ халқы қашаннан бір тұтастыққа қалыптасқан. Үлкендер дастарханға бата бергенде соңында ел аман жұрт тыныш болсын дегенді текке айтпаған. Бұл сөз бұл тілек абыз кеуде арыстарымыздың күмбір үнімен орныға санамызға сіңген қасиет деп аталады. Ел басына қилы-қилы  күн туған ат кермеде, ер жігіт түрмеде шіріген замандарда сұңқардың қанаты, тұлпардың тұяғы талатын жаугершілік заманда да елдігін, азаматтығын ақ найзаның ұшы ақ білектің күшімен ғана емес ақыл парасатымен қорғаған ол ұлы халық ол- қазақ. Қазақ елінің жасампаздығы Елбасымыздың сара саясатынан тәуелсіздіктің лғашқы жылдарынан бастап ақ саяси тұрақты қоғам орнады. Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде «Сайлаудың таза ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым» деп қадап айтқаны халық күтіп отырған шешім.
Біз өткенімізге қарай отырып болашағымызды айқындауымызды үнемі есте ұстағанымыз дұрыс. Елдің атынан маңызды шешімдер қабылдайтын халықтың таңдауымен тікелей елдің сайлауымен сайланған басшы Ұлы дала елінің Ұлы межелеріне ұмтылған көшін ілгері сүйрері хақ. Президентті халық таңдайды, халық сайлайды. Сондықтан кемелдеген тәуелсіз елдің сайлаушылары өз президентін  дұрыс таңдауда қателеспейді, сайлау әділ өтеді деп білейік.
Ең бастысы бүкіл елді елеңдетіп тұрған аса маңызды сайлау жақсы істерге жол ашып халқымызды көлденең кесапаттардан сақтауда орнап келген әділетті басшылықтың жалғастырушысы бола бермек. Бұл сайлау мәңгілік ел идеясын қолдайтын елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып болашақ пен бүгінді жалғап тұратын алтын көпірге айналмақ.
Әйелдер қауымы да Президент сайлауын өткізу еліміз үшін ең құнды дұрыс шешім деп бірауыздан қолдау көрсетуге дайын.
Әлем алдында беделі өсіп, мерейі үстем мемлекеттің біріміз, сондықтан халықтың бұл сайлаудан күтер үміті мол. Түптеп келгенде ел аман жұрт тыныш болсын.
Айжамал Әбдіхамитқызы
Алғабас ауылы
22 сәуір 2019 ж. 1 000 0