Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды

Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды

Ер адам өзіне атылған оқты ұялы телефонымен тоқтатып, аман қалды

Австралия тұрғыны өзіне қарай бағытталған садақтың оғын смартфон арқылы тоқтатып, аман қалды.

Бұл туралы New South Wales Police Force басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды. 
Оқиға 13 наурызда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған. 43 жастағы ер адам көліктен түсіп бара жатқан кезінде танысының садақпен қаруланғанын көріпті. Ол бірден ұялы телефонын алып, қаскөйді суретке түсіріп алмақ болған. Осы кезде 39 жастағы танысы оған садақтан оқ атыпты. Абырой болғанда садақтың оғы ер адамның телефонына тиіп, тесіп өтіпті. Сондай-ақ, оқ аустралиялықтың иегін аздап қана жанап өткен. Артынша оқиға орнына жеткен полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 15 сәуірде сот алдында жауап береді.
Stan.kz
14 наурыз 2019 ж. 1 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930