Шымкентте алып қашып кеткен 19 жастағы қыз терезеден секіріп кетті
Шымкентте 19 жастағы қыз үшінші қабатттан секіріп кетті. Ол өз еркінсіз тұрмысқа шығуды қаламаған.
“31 қаңтарда 3-қабаттан Аружан секіріп кетті. Ол 18 жаст еді. Омыртқасы зақымдалған, бетінде 10 см-ге дейін тыртық қалды. Жаны ауырып қалған. Оны 18 қаңтарда алып қашып кетті. Күйеу жігіті бірнеше күн бұрын ғана танысқан адам. Сұлтан есімді жігіт алып қашқан. Қыздың еркін де сұрамаған. Алып қашқан соң бір аптадан кейін зорлап, пәктігінен айырған. Кейін соны бетіне басып, үшінші қабаттан секіруге мәжбүрлеген”, – деп жазды Facebook желісінде қолданушы Еркін Қахаров.Департаменттегілер күдіктінің ұсталғанын, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін мәлімдеді.
“31 қаңтарда 19 жастағы қыздың өзіне қол салу оқиғасына қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Тергеу “өзіне қол салу” бабы бойынша жүруде”, – делінген хабарламада.
Аталған іске қатысты ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ болғандықтан, оқиғаның анық-қаныңы мәлім емес.
Stan.kz