Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын болады

Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын болады


Қазақстанда 22-24 қаңтар аралығында қар жауып, бұрқасын болады және күшті жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, атмосфералық ауа ағындары Қазақстан арқылы батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағындарымен бірге бірінен кейін бірі өтеді. Осыған байланысты қар жауып, оңтүстікте қар аралас жаңбыр, солтүстікте бұрқасын болады және қатты жел соғады.«Алдағы үш тәулікте республикада ауа райымен байланысты жағдай айтарлықтай өзгермейді, ал батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағындары бұрынғыша ауа температурасын климаттық нормадан жоғары ұстап тұрады», - деп хабарлады Қазгидромет.

22 қаңтар 2019 ж. 572 0