ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫҢ 10 АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Тұрақты серігіңмен байланыс орнатып, жеке өміріңнің бір қалыпты болуы әрине, өте тамаша, алайда бұл кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Кейде жалғыз болып, қызықты өмірдің рахатын жеке сезінген де дұрыс. Мұндай өмір, ойланып отырса, тым жаман емес, оның артықшылықтары өте көп. Сондықтан егер тағдыр сізді жалғыз қалдырса, бұл дегенің өмірдің ақыры немесе қырық мысықпен бірге өмір сүру деген сөз емес. Бұл жылайтындай жағдай да емес. Бойдақтық өмірдің рахатын сезіне алатын кем дегенде 10 себеп бар екенін естен шығармаңыз.1) Өзіңізге уақыт бөле аласыз Егер сіздің жұбыңыз болмаса, бос уақытыңызды ешкімнен сұранбай, ешкімнің алдында есеп бермей, біреуге жағу үшін өткізбейсіз. Бұл жерде әңгіме тек қана әлеуметтік өмір туралы ғана емес. Кей кездері бәрін өшіріп тастап, демалатын, босаңситын кездер болады. Медитация, өзіңді тану, тағы басқалары қасыңда өзге ешкім болмаған кезде қол жететін дүниелер.
2) Мінсіз болудың қажеті шамалы Жігітіңізбен отырған кезде әдемі әрі таза болуға тырысасыз. Алайда таңертең боянбасаңыз, келесі аптаға дейін депилятор пайдаланбасаңыз да ештеңе болмайды. Демалыс күндері күні бойы халатпен жүре аласыз, ал ваннаға түсер кезде есікті құлыптаудың да қажеті жоқ. Ал жұбыңыз болған жағдайда мұндай жағдайларды жасауға өзіңізге рұқсат етпесіңіз белгілі.
3) Қандай іспен шұғылдансаңыз да өз еркіңіз Сіз жалғыз болсаңыз, демалыс күндерін жігітіңіздің ата анасымен бірге өткізіп, оның достарына жағу шарт емес. Сіз өзіңіз жасағыңыз келетін нәрсемен шұғылданасыз, өзгелердің не ойлайтындығымен бас қатырмайсыз. Ноутбукпен және кітаппен ұйықтап қалдыңыз ба? Түк етпейді! Пижама киіп немесе жалаңаш ұйықтағыңыз келе ме – ерік өзіңізде! Бұл үшін сізді ешкім де сөкпейді.
4) Үй жануарлары төсегіңізде Көптеген адамдар өз жұптарының мысықпен не итпен кереуетті бөліскенін қаламайды. Ал егер сен жалғыз болсаң, саған бәрі де болады! Тіпті егеуқұйрық болсын, теңіз шошқасы немесе жылан болсын, ешкім де ештеңе айтпасы белгілі.
5) Үйдің ішінде бәрі де өз орнында, ешқандай артық зат жоқ Кір шұлықтар еденде, унитаздың дөңгелегі көтеріңкі, раковинадағы шаштар: бірге өмір сүрген кездегі өмірде осындай тұрмыстық дүниелер сізді әбден шаршатып жіберуі ықтимал. Ал сіз жалғыз болған өмір жүйке жүйеңізді таза қалпында сақтайтыны белгілі. Сондықтан да бұл маңызды себеп деп ауыз толтырып айтуға болады.
6) Сіз тамақ даярлауға міндетті емессіз Сіз жалғыз болғанда, тек қана өзіңіздің тамақтануыңызды ойлайсыз, басқа бір адамды тамақтандыру үшін емес. Сіз филе дайындап жатырсыз ба, түшпара түйіп жатырсыз ба, болмаса кешкі асқа тауық пісіріп жатырсыз ба, оған бас қатырмайсыз. Сіз жұмыртқа немесе паштет қосылған бутерброд дайындап жей салуыңыз да мүмкін, ол үшін сізді ешкім де сөкпейді.
7) Ақшаны көбірек үнемдей аласыз Егер сіздің жұбыңыз болса, оған үнемі сыйлық сатып алуға тура келеді: туған күні, мерекелер, жаңа жыл, мерейтой дегендей... Ал ұзақ қарым-қатынас белең алса, оны ғана емес, туыстарын да құттықтауыңызға тура келеді. Ал егер сіз жалғыз болсаңыз, ақша шығарып, сыйлық алып, әуре болмайсыз. Осыны сезініп, біреу үшін емес, өзіңізге жаңа нәрсе сатып алуға тырысыңыз, бұдан ләззат алыңыз.
8) Үйіңіз сіздің қалауыңызбен жайғастырылады Барлық жәшіктер, сөрелер мен шкафтар бәрі де сізді күтеді, киімге қашан лық толады екенбіз деп армандайды. Сонымен қатар диван-кереует те сіздікі, сізге қызмет етеді, ал ванна бөлмесі 24 сағат бойы сіздің құзыретіңізде.
9) Мансап қызметіңізге ерекше мән бере аласыз Сіз жалғыз болсаңыз, сіздің жұмысыңызға ешкім де кедергі келтірмейді. Сіз сондай-ақ бос уақытыңызды болашақты жоспарлауға арнап, мансабыңызда неге қол жеткізетініңзді ойлансаңыз да болады.
10) Сізді жаңа танысулар күтіп тұр Сіз жалғыз болғанда, жаңа достар табуға мүмкіндігіңіз жоғары. Тұрақты жұбыңыз болмағаннан кейін сіз кездесуге түрлі жігіттермен баруыңыз мүмкін, қыдыруыңыз мүмкін. Бұл сіздің нені қалайтындығыңызды айқындап береді және ұзақмерзімді қарым-қатынастың маңызын түсінуге көмектеседі.
Жалғыздықтың да өз қасиеттері бар, кейде бұл шынымен де пайдалы, сондықтан көңіл-күйді түсіргенше, өмірдің рахатын сезінуден қалыс қалмаңыз!
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com