Ас үйдегі қулықтар
Сүтті қалай тасытып алмауға болады? Егер кеспе қайнатқанда немесе сүт пісіріп жатып, оны отта ұмытып кетемін деп қорықсаңыз, ыдыстың бетіне ағаш қасық қойыңыз. Сонда сүт көп мөлшерде тасымайтын болады. Бірақ ағаш қасықты үнемі осы мақсатта пайдалану оны жарамсыз ететінін есте сақтаңыз.
Сорпаның бетіндегі майды қалай алып тастаймын?
Дайын болған сорпаға бір-екі мұз текшелерін салыңыз. Мұз сорпаның бетіндегі майды өзіне жинайды, ал мұзды қасықпен алып тастау сізге оңайға түседі. Екінші амалы: сорпаны тоңазытқышқа қойсаңыз, бетіндегі май бірігіп жиналады да, бірден алып тастауға болады.
Орамжапырақтың қауданын қалай бөліп алуға болады?
Орамжапырақтың қауданын төмен қаратып, үстелге ұрыңыз. Осыдан кейін қауданды алып тастау оңай болады. Қауданы жоқ орамжапырақты турау ұзақ уақытты алмайды.
Күріш жабысып қалмас үшін не істеу керек?
Күрішті суы ағарғанша бірнеше рет жуып, тазаласа, сыртындағы крахмалы кетеді. Бұдан кейін күріш жабыспай, шашырап піседі.
Етті қуырғанда май шашырамайтындай ету үшін қағаз сүлгімен кесілген етті сүртіп алыңыз. Сүлгіге еттің артық майы сіңеді де, қуырған кезде майы шашырамайды.
Лимонның шырынын көп мөлшерде алғыңыз келе ме? Онда лимонды 5-6 секундқа қысқа толқынды пешке қыздырып алыңыз. Сосын екіге бөліп, шырынын сығып алуға болады.
massaget.kz