Терезені химикатсыз тазалау үшін
Химикаттар адам денсаулығына өте зиян. Сол себепті үйді жинап, тазалау кезінде оларды көп пайдаланбауға тырысу керек. Назарларыңызға терезелерді экологиялық құралдармен тазартудың жолдарын ұсынамыз. 1. Терезелер мен шыны бетін тұзды сумен тазартуға болады. Әрі ол шыны бетін жылтыр етеді. 2. Тұзды сумен жуылған терезе мұздап қалмайды. Егер терезе бетіндегі мұзды кетіргіңіз келсе, жарты литр суға тұз салып, шүберекпен сүртіңіз. Содан соң басқа шүберекпен құрғатып шығыңыз. 3. Терезе жақтауын бояудың алдында, терезе бетін сіркесумен сүртіп алыңыз. Сонда оған бояу жұқпайды. 4. Терезе бетін сабынды сумен жуып шығыңыз. Содан соң тіс тазартатын ұнтақ пен мүсәтір спиртінің ерітіндісін жағыңыз. Құрғаған шыны бетін газет қағазымен сүртуге болады. 5. Терезені жуған соң 50 гр су, 100 гр глицерин мен бірнеше тамшы мүсәтір спиртінің қоспасымен сүртіп шығыңыз. Сонда терезе тез ластанбайды. 6. Терезе бетіндегі қатып қалған майды мүсәтір спирті араласқан сумен жуып, кетіруге болады. 7. Графиндегі ақ тұнбаны кетіру үшін оған ыстық су құйып, 1 шай қасық сіркесу эссенциясын қосыңыз. 1-2 минуттан соң таза, жылы сумен шайыңыз. Ал сіз терезе тазалауды жеңілдететін тағы қандай әдістерді білесіз?
Massaget.kz