Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда алғаш рет "ақылды терезе" жасалды

Қытайда алғаш рет "ақылды терезе" жасалды


Ақылды деген тіркес тек адамға қатысты сөйлемде айтылатын еді. Айналаңызға айнала қарасаңыз бүгінде жаны жоқ жабдықтардың өзі "ақылдыға" айналған. Сондықтан, бұдан былай адамға "ақымақ" деп айқайламаңыз. Қайдағы жоқ қаңылтырға дейін ақылды атанғанда, оның қасында адамның қайта миы бар ғой. Қытайдың Солтүстік-Шығысындағы Шэньян университетінің оқытушысы Янь-Ян Сун мен Нанкин университетінің оқытушысы Син-Хуа Ся әлемге өздерінің жаңа өнертабысын ұсынды. Қос қытайлық қосылып "ақылды терезе" жасап шығарды. Ақылды деген статусқа ие болған теңдессіз терезе бөлмеге қажетті жарықты есептеп, күннің сәулесі тым жарық болса жартысын жібереді, аз болса толықтырып отырады. Үйді қажетті температурада жылытып, керек десеңіз зиянды вирустардан тазартады. Атаулы ақылды терезе сапалы материалдар жасалғандықтан сыртқы сұлбасы да тым көрікті. Қысқартып айтсақ, ақылына көркі сай. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл терезені залалсыздандыру жұмыстары жиі жүргізілетін ауруханаларға, халық көп жүретін қоғамдық көліктерге орнату керек. Оның әйнектері небәрі 1 минуттың ішінде түссіз күйден қара түске боялып кете алады. Сонымен қатар, бөлмені 5 минуттың ішінде 24 градусқа дейін жылыта алады.
Massaget.kz
17 шілде 2018 ж. 2 427 0