Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыста аяқ киімді құтқаратын азық-түліктер

Қыста аяқ киімді құтқаратын азық-түліктер

Шалшық, құм, тұз және басқа да реагенттер ең сапалы деген аяқ киімнің өзін құртады. Ендеше, аяқ киімді қорғайтын және тазартатын қолжетімді азық-түліктерді қарастырайық.  Кофенің қоюуы Егер қоңыр түсті күдері аяқ киіміңіз болса, оны кофе қоюымен сүртуге болады. Ол кепкен кезде құрғақ щетканың көмегімен кофемен қоса ластықты бірге сүртіп шығасыз. Пияз Пиязды үккіштен өткізіп, оның суына жұмсақ майлықты сулап, етікті сүртесіз. Лимон Бұл түрлі түсті былғары етікті дақтардан жылдам әрі оңай тазартатын әдіс. Лимонды екіге бөліп, суын шығарасыз. Сол суға дәкені сулап, етікті сүртесіз. Сүт Ақ етікпен көшеге бір жүріп шыққаннан кейін оған дақтар пайда болады. Оны кетіру үшін сүтті қолданыңыз. Қара етікті емес тек қана ақ етікті сүтпен сүрткен жөн. Сүт пен пияз Бұл аралас әдіс лакты аяқ киімдерге жақсы көмектеседі. Лакты аяқ киімге етікке арналған крем қолдансаңыз, ол өзінің жылтырауын кетіреді. Лакты аяқ киімді алдымен сүтпен, содан соң кесілген пиязбен сүртіңіз. Соңынан таза жұмсақ дәкемен сүртіп шығасыз. Картоп ұны Күдері аяқ киім нәзік болып келетіндіктен, тез ластанады. Кешкілік күдері аяқ киімге тальк, балалар сеппесін немесе картоп ұнын сеуіп тастаңыз. Ертеңгісін щеткамен етікті ұнтақ қалдығынан тазартып шығасыз. Ас содасы Былғары аяқ киімдегі аздап қырылғанды кетіруге ас содасы көмектеседі. Таза дәкені алдымен суға, содан соң содаға батырып, қырылған жерді сүртіңіз. Одан кейін содасыз ылғал дәкемен тағы да сүртіп шығыңыз. Соңында құрғатыңыз. Ол аздап қырылғанға көмектесуі тиіс, егер ескі етік болса, түрлі түсті крем қолданған жөн. Өсімдік майы Бұрын дүкендерде етікті қорғайтын спрейлер сатылған жоқ. Сондықтан етікті өсімдік майымен сүртіп, жылтыратып қоятын. Ол етіктің түрін келтірумен қатар, көшедегі лас судан да қорғайды. Сірке суы Сіркені сумен тең үлесте араластырыңыз. Оған дәкені сулап, етікті өкшесімен қоса сүртіп шығыңыз. Оны кешкілік жасаған жөн. Бұл ерітіндімен етікте пайда болған ақ дақтарды да кетіруге болады.

Massaget.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930