Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Иммунды жүйені жақсартуға арналған қоспа

Иммунды жүйені жақсартуға арналған қоспа



 Емдік қасиеті жағынан дәріханадағы қымбат дәрілерден де жоғары табиғи өнімдер көп. Солардың біріне занзабіл (имбирь), лимон және балдан жасалған рецепт жатады. Бұл ингредиенттердің әрқайсысының құрамына бағалы микроэлементтер, минералдар және дәрумендер кіреді. Олардың қоспасы ағзаға емделуге және қалпына келуге көмектеседі. Мұндай қоспа иммунды жүйені қорғайтын күштерді іске қосып, вируспен күреседі. Ол тұмау болудан сақтайды және ағзаны қажет дәрумендермен қамтамасыз етіп, сергітеді. Иммунды жүйені жақсартуға арналған қоспа 3-4 орташа лимон, 200 гр тазартылған занзабіл тамыры және 200 гр сұйық бал алыңыз. Лимонды қабығымен бірге және занзабілді бірдей өлшемде ұсақтап тураңыз. Оларды блендермен ботқа секілді езу керек. Содан соң бал құйып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Бұл қоспа тоңазытқышта 1 апта тұру керек. Оны иммунитет көтеру үшін күз-қыс мезгілінде күніне 3 рет жеу керек. Тұмауды кетіруге арналған қоспа Бұл қоспаны тұмаумен ауырып қалған кезде ішу керек. Қоспаны дайындау үшін занзабіл тамырының қабығын тазалап, ұсақтап тураңыз. Оған лимон сусынын құйыңыз. Пайда болған қоспаны 1 сағаттай қайнатыңыз. Содан соң, сусын жарты сағат шамасында тұру керек. Соңынан дәміне қарай қант пен бал салыңыз. Егер аллергияңыз болса немесе жүкті болсаңыз, мұндай сусынды қанша мөлшерде ішу керектігін дәрігермен кеңесу қажет екенін ұмытпаңыз.

 massaget.kz

16 желтоқсан 2017 ж. 1 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (8964)

25 қаңтар 2022 ж.

№6 (8963)

22 қаңтар 2022 ж.

№5 (8962)

18 қаңтар 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам