Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есіңізде жүретін бес нәрсе

Есіңізде жүретін бес нәрсе


Абайдың "бес асыл ісі" мен "бес нәрседен қашық болуға" шақырған өлеңін барлығы білетін болар. Сол секілді бес күн жалғанда бес түрлі дүниенің қадірін білу, бес дүниеден аулақ болу – сіз бен біздің міндетіміз. Сіздерге бес саусақтың саласындай болған бес нәрсенің пайдасы мен зиянын өзгеше топтастырдық. Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді: Ағаш – жемісімен білінеді. Әйел – күйеуі кедейленгенде білінеді. Дос – ауыр күнде білінеді. Момын – сынаққа түскенде білінеді. - Жомарт – қажет болғанда білінеді. Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді: Кішіпейілдік – ғалымдарды көтереді. Байлық – айыптауды көтереді. Үнсіздік – қателікті көтереді. Ұят – аxлақты көтереді. Әзіл – қайғыны көтереді. Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді: Көз – зинаға жеткізеді. Дәмету – өкінуге жеткізеді. Қанағат – разылыққа жеткізеді. Көп сапар шегу – танысуға жеткізеді. Тартысу – айырылысуға жеткізеді. Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі: Шүкіршілік – ризық әкеледі. Көзді тыю – парасат әкеледі. Ұят – жақсылық әкеледі. Жұмсақ сөз – шешімге әкеледі. Ғазаб – өкініш әкеледі.   


Дереккөз: massaget.kz
04 қараша 2018 ж. 1 174 0