Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Періште мен сәби

Періште мен сәби


« — Сәлем. Тұтқаны қоймашы, өтінемін.
— Саған не керек? Сенің бос сөзіңді тыңдап отыратын уақыт жоқ. Болшы тез!
— Мен бүгін дәрігердің қарауында болдым…
— Сонымен…
— Аяғымның ауыр екендігі анықталды. Үшінші айдан асыпты…
— Мен не істейін? Бар да алдырып таста! Маған проблема керек емес. Басымды ауыртпа!
— Алдыруға кеш дейді. Енді не істеймін?
— Онда менің телефон номерімді ұмыт!
— Алло?! Алло?!
«Абонент байланыс аясынан тыс жерде…»

Арада 6 ай уақыт өтті.
— Сәлем, балақай! Жағдайың қалай? Жаңа өмірге аяқ басуға дайынсың ба?
— Дайынмын, бірақ қорқамын.
— Неге? Кімнен қорқасың?
— Себебі, анам күнде жылайды. Ол мен үшін риза емес сияқты…
— Қорықпа, мен сені қорғап жүремін.
— Сен кімсің?
— Мен сенің қорғаушы — Періштеңмін.

« — Кешір балапаным, басқа амалым жоқ…»
— Періштем, сен қайдасың? Анам неге бұлай дейді? Ол неге ащы су ішіп жатыр? Дәмі неткен жаман еді? Тұншығып барамын…
— Қорықпа, жаңа өмірге келуіңе аз уақыт қалды.
— Қорқамын, анам күнде менен кешірім сұрайды. Неге? Ол көріксіз бе?
— Жоқ. Ол өте әдемі, сұлу әрі ақылды.
— Қалай ойлайсың, анама мен керекпін бе?
— Әрине, керексің…
— Тұншығып барам…

Сол күні кешкісін қала сыртында:
« — Кешірші балам. Мен жалғызбын. Сені асырай алмаймын… Сен тез ұйықтап кетесің…»
— Періштем, сен қайдасың? Мен қатты жаурап жатырмын. Анам мені неге бұл суық жерге тастап кетті?
— Қазір балақай, сәл шыда. Анаң қайтып келеді.
— Мына өмір неткен суық еді?!
— Сен жыла, бар даусыңмен шырылдай жыла балақай!
— Неге? Не үшін?
— Анаң сені таппай адасып жүр. Мен оны осында алып келемін…

Сол маңда тұратын ерлі-зайыптылар ұрсысып жатыр. Олардың отау құрғанына 7 жыл болса да әлі бала сүйе алмай жүрген еді…
— Жеті түнде қайда барасың?
— Білмеймін, біреу қолымнан жетектеп бара жатқан сияқты…
— Өмірде тек біз ғана емес — сәби сүйе алмаған. Қайтеміз, көнеміз де… Соған бола жынданып кетесің бе енді?
— Білмеймін, далада мені біреу шақырып тұрған сияқты. Мақсат, жүрші деймін!
— Ауруханадан шыққалы біртүрлі болып жүрсің. Есіңді жинашы Гүлжан!

Үйленгендеріне 7 жыл болған ерлі-зайыптылар үй артындағы каналдың бойымен жүріп келеді.
— Тыңдашы, нәрестенің даусы сияқты…
— Жок, мысық емес пе?
— Жоқ, бұл — сабидің дауысы… Қамыс арасынан шығып жатыр…

« — Жыла, балақай. Анаң келе жатыр, әне. Жақындап қалды.
— Ол менің анамның даусы емес қой. Неге өзгеріп кеткен?
— Бұл сенің нағыз Анаңның даусы. Үйрене бер балақай.»

Қамыс арасында жұқа көйлекке оралған, дүние есігін ашқанына жарты сағат болмаған нәрестені көргенде ерлі-зайыптылар еңіреп жылап жіберді…
— Алла Тағалам сәби берді маған! О, Алла! Рахмет саған! Күні-түні тілеген тілегім қабыл болды. Бұл менің сәбиiм, менің жаным!»
…Көзіме еріксіз жас келді! 5 минуттық ләззат үшін сіз де осы жағдайға түсіп қалмаңыз!!!
https://elana.kz/
17 қазан 2018 ж. 1 590 0