Жас ақындар жырлайды
Тастанды
– Іңгə,
Іңгə.
– Дауыс шықты жəшігінен қоқыстың,
Телефонын тастады екен оқыс кім?
Баз біреулер таба алмай кетті ме,
Арасынан көп болған соң қоқыс тым?
Қараған ем періштені көзге ілдім,
Қатып қалдым, бейнем, бірден өзгердім.
Жас періште неге мұнда жатырсың?
Анасынан тастар еді өзге кім?!
Қандай бейбақ ана сені тапты екен?
Неге ғана жігеріңді шақты екен?
Сені тапқан тас бауырды кезінде,
Қандай ана, қандай адам бақты екен?
Біз жүрейік саған бақыт тек тілеп,
Сипап өтсін самай менен бетті леп.
Мүмкін, сен де қазір ойлап жатсың ба?
«Анам мені неге тастап кетті?»-деп.
Енді сені махаббатқа бөлейін,
Аспаса да байлығыммен мерейім.
Анашыңа айтар сөзің бар ма екен?
Əй, балақай сені тыңдап көрейін.
- Апатайым бағым едің еңселі,
Мақтар еді түгелімен ел сені.
Тастамасаң бүгін мені қоқысқа,
Өскеннен соң тастамас ем мен сені.
Жүрегім мен ауырып тұр сəл денем,
Ақша құртып, қарамас ем сəнге мен.
Тумай жатып құрсағында ананың,
Бірдемені бүлдірдім бе əлде мен?
Анам маған-ұлылардың бірі едің,
Қолдау айтар болмады ма тірегің?
Еш қаймықпай тастасаң да қоқысқа,
Сеніменен бірге кетті жүрегім.
Ренішім көз моншақтай тізілсін,
Қапа қылсын, салқындығын күз ұрсын.
Қатал тағдыр, қайырымсыз қоғаммен,
Осы сəттен таныстығым үзілсін.
Жоқ, ə, апа, қарғамаймын сені мен,
Білем бір күн өзіңменен кезігем.
Мүмкін, ол да махаббатын ананың,
Аңсады ма бала, сəби кезінен?!
Өсем, шыңды бағындырам, күнді алам,
Жетімек деп айтар екен кім маған?!
Бəрі-бір де ана болып қаласың,
Сəбиінің балалығын ұрлаған.
Бұл өмірде пенде болмас айыпсыз,
Мені əкеліп тастап, қайта тайыпсыз.
«АНА» деген абыройлы атаққа,
Кетті ме екен болмағасын лайықсыз?
Шарпып жатыр сан сұрақтар сананы,
Бұл өкініш жанымды өртеп барады.
Құшағына басар əлі біреулер,
Бір кездері сіз тастаған баланы.
Балаларың бес тиынға тұрмайды, ə,
Ана жаны баласына бұрмай ма?
Осы жұрттар барым, нарым дей тұғын,
Асқар таудай əке сымақ тұр қайда?
Жалғыз ғана жетім бала бар мұнда,
Мені мұнша тəлкегіңе салдың ба?
Өзгелерден кем болдым ба əлде мен,
Ата-анам неге отырмайды алдымда?!
Жарып шығам мұнда босқа келгем жоқ,
Қарсы шығам, қағып алам келгенде оқ.
Шіркін, анам өзге болса егерде...
Əттең, таңдау мүмкіндігін берген жоқ!
Қапа болма қарлығашың көнеді,
Тағдыр нені жазса соны көреді.
Өз анасы тастап тұрса қоқысқа,
Байғұс сəби, енді, кімге сенеді?
Жеңем тағдыр, жанымды сап белдесе,
Аянышпен қарама жас селдесе.
Туа сала тастап кеттің оп-оңай,
Айт анашым, неге тудың ендеше?!
Апама мен енді қалай сүйінем?
Аман қылшы, хабар қылшы күйінен.
Мені ойлама, азар болса сəлден соң,
Табылармыз бір жетімдер үйінен...
Қазақ қызы
Намысын таптатпайтын жатқа бөтен,
Мен қазақтың қыздарын мақтан етем.
Сол жандарым бірақ та бүгіндері,
Қытайға ұзатылып жатқан екен.
Қиын қыстау заманда бөлінбедің,
Бөлінгенім арыма өлім дедің.
Талай сынақ еңсердің, енді келіп,
Түсінбедім нендей жын көрінгенін.
Қазақтың айырбастап нартұлғасын,
Қу қытайға жем болды-ау алтын басың.
Бөгде жанмен отасып, дегенің бе:
«Ата-анаммен арамыз салқындасын»?
Білем бізде құқық жоқ таласуға,
Қандай қытай қазақпен жарасуда?
Қазақтың айранынан жалыққасын,
Қытайдың «құртын» жеуге барасың ба?
Қазақы қасиетіңмен тұлғаң асыл,
Құдай берген бағыңнан құр қаласың.
Қазақтың аруы деп керегі не?
Қазаққа аяулы жар болмағасын
Бұл бақытың тұрақсыз қара да тұр,
Күңіреніп қайғыңа дала жатыр.
Қазақы еркіндіктен құтыла алмай,
Қытайға құл болуға бара жатыр.
Бір Құдайым жар болсын тілеуіңе,
Нендей себеп намыстың жүдейуіне?
Қытайға ұзатылған арулардың,
Тым құрыса ой берсін біреуіне.
Жырға қосып, ойымды жазғам бүгін,
Ақылыңмен іс жасап, қозғал күнім.
Мен де ұялмай бәріне айта аламын,
Қазақ қызы арыңның азғандығын.
Ердім дейсің сезімнің жетегіне,
Айдаһардың жармасып етегіне.
Сонша неге сенімді болдың екен,
Қытаймен бақытты боп кетеріңе?
Жана алмасаң қазақ боп, сөнген артық,
Өз елімде сан қайғы көрген артық.
Онсыз да көп қытайды көбейткенше,
Әр минутты қазаққа бөлген артық.
Бөгде жанды бақ санап алқынбағың,
Қазақ десе неліктен салқын жаның?
Құсы қылып қондырған алақаны,
Астыңдағы бағалы алтын тағың.
Сенген сезім біртіндеп суынғасын,
Барған жерден көрерсің қуылғасын.
Таптамауға тырысып бағу керек,
Ата-ананың ары боп туылғасын.
Қазақ қызы ар ғана сақтайтының,
Білші содан артық жүк тақпайтынын.
Ойланбағың, онсыз да белгілі ғой,
Қазақтан артық жігіт таппайтының!
Аружан Махмут.
Кішкентай бала өскенде
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қапты масқара, –
Деп жаттадым кішкентай
Бала кезде өлеңді.
Уайым жоқ, көңіл жай,
Түсінбей саяз, тереңді.
Енді, міне біршама,
Ақылды жиып келемін.
Ойнағым келіп тұрсада,
Өлеңнен маржан теремін.
Ақындардың артынан,
Шаршамаймын еремін.
Бауыр етім, қазағым,
Не десе де көнемін.
Құдайым берген талапты,
Ысырап қылмай беремін.
Халқына білер бұл бала,
Жанашырдың керегін.
Қамқорлық әсте қыла алсам,
Берерім көп берерім.
Кіп-кішкентай болып ап,
Ақылды сымақ демегін.
Аллахым салған жолменен,
Жүремін жүріп келемін.
Жүремін, жүре беремін!
Байкен АЛПЫСБАЙ.