Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды

2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды

2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталдыTIME журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл тізім 1999 жылдан бері қалыптасып келеді. Алғашында ол ХХ ғасырдың 100 көрнекті тұлғаларының тізімі ретінде ұсынылса, 2004 жылдан бастап жыл сайынғы әлемдегі ең ықпалды адамдар рейтингіне айналды.
2026 жылғы тізімге енген ең жас қатысушы – 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алиса Лю. Ол бір жыл ішінде әлем чемпионатының, Гран-при финалының және Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған. Ал ең егде қатысушы – 96 жастағы америкалық құқық қорғаушы, ауыл шаруашылығы жұмысшыларының құқықтарын қорғау қозғалысының жетекшісі Долорес Уэрта.
Рейтинг «Әртістер», «Пионерлер», «Титандар», «Иконалар», «Көшбасшылар» мен «Инноваторлар» секілді алты негізгі санат бойынша қалыптастырылған.
«Көшбасшылар» санатында әлемнің 25 саяси және қоғамдық қайраткері қамтылған. Олардың қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп, Рим Папасы, Мексика президенті Клаудия Шейнбаум, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бар. Си Цзиньпин бұл тізімге 14-рет еніп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.
17 сәуір 2026 ж. 30 0