Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Құмырсқа туралы қызықты деректер

Құмырсқа туралы қызықты деректер

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей. Мұртты құмырсқа деген түрі – аса улы жәндік. Ол тіпті, жыланнан да, шаяннан да, құрттан да қауіпті. Ол Африка жерінде кездеседі. Бұл жәндік жолында кездескен тірі жанның бәрін бірден жайпап тастайды. Тіршілік үшін осылай күресетін ірі құмырсқаның аталығы – 3 см, аналығы – 5 см. Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуыз бен майға толы. Бір қызығы, дернәсілден аналық құмырсқа шыға ма, аталық құмырсқа шыға ма, ол қалай баптап, күтім көрсеткеніне байланысты. Жұмысшы құмырсқалар тұқымды қаншалықты қоректендіретінін өзі біледі. Әр тұқымға жататын құмырсқалар бір-бірімен байланысы әртүрлі. Мысалы аналық құмырсқалар өз ұясына қамқор болып, өздігімен тамақтана алмайды. Есесіне өзгелердің ұясына шабуыл жасап, дернәсілдерін ұрлайды. Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып, азық табуды үйретеді. Басқаны үйрету үшін өзі жүргеннен төрт есе баяу жүреді. Олар бір-біріне жалғанып, басқалар өтуі үшін көпір жасай алады. Құмырсқалар отарын құратын аналығы негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді. Өмірі 20 жылға жететіндері де бар.


Massaget.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 1 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (8836)

27 қазан 2020 ж.

№82 (8835)

24 қазан 2020 ж.

№81 (8834)

20 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам