Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гормондардың ағзадағы қызметі

Гормондардың ағзадағы қызметі

Ғалымдар XIX ғасырдың басында адамның бүкіл ағзасы химиялық деңгейде басқарылатынын түсінді. Бірақ «гормон» терминінің өзі XX ғасырда пайда болды. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, адам электроника жоқ аймақта бір апта саяхаттаса, биологиялық сағаты орнатылады. Ұйқы режиміне жауап беретін мелатонин гормоны уақыт өте келе күннің шығуы мен батуына ғана байланысты болады. Ер адамның қарым-қатынасқа құштарлығын оятатын тестостерон гормоны әйел адамның көз жасын көргенде азаяды екен. Бірде америкалық парашютші Джоан Мюррейдің парашюті ашылмай қалады. Ол үлкен құмырсқа илеуіне түсіп, аман қалады. Жүрегі тоқтап қалмаған себебін ғалымдар құмырсқа шаққанда одан сайын көп мөлшерде бөлінген адреналинмен байланыстырады. Тек қана D дәрумені гормондарға әсер етеді. Егер ол жетіспесе адам депрессиядан бастап шизофренияға дейінгі кеселдерге ұшырауы ықтимал. Ал ұйқы жетіспеушілігі эндокриндік жүйенің жұмысын нашарлатады. Эндокрин гормоны түзілуі іркілсе, адам семіздік, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығады. Мысық секілді үй жануарларын сипалау, құшақтау арқылы адам ағзасында окситоцин гормоны көбірек түзіледі. Ол ісікті қайтарып, жараның тез жазылуына көмектеседі. Адам біраз уақыт қарым-қатынастан алшақтаса, депрессияға түсуі ықтимал. Тіпті қуаныштан туған стресс те көп болса, эндокриндік жүйе босаңсиды. Нітижесінде инсулин, домафин секілді гормондар түзілісі бұзылады. Әдетте әйел адамдар стресс пен ұрыс-керістен кейін өз-өзіне келуі қиын. Бұл да эндокриндік жүйенің қызметімен түсіндіріледі. Ғалымдар D дәрумені бөлінуі мен тестостерон деігейінің арасындағы байланысты анықтады. Күн астында көбірек жүрсеңіз, ағзада тестостерон да көбірек бөлінеді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тыңшылар Гитлердің агрессиясын басуды көздеді. Осы мақсатта оның тамағына эстроген әйелдік гормонын қосып жіберген. Андроген гормонын сезінбеу синдромы деген де бар, ол ер адамдардың бойында әйелге тән қасиеттер кездесуімен түсіндіріледі. Әдетте адамдар басқа кезге қарағанда қатты қиналған, еске алғысы келмейтін кездерді ұмыта алмайды. Себебі стерсс кезінде көмекей безі адреналин мен кортизол гормонын тым көп мөлшерде бөледі. Бұл есте сақтау қабілетін арттырады.

Massaget.kz
07 тамыз 2018 ж. 2 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930