Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғары лигада чемпион атанды

Жоғары лигада чемпион атанды



Астаналық «Спарта Номад» КВН командасы алғаш рет Жоғары лигада чемпион атанды
"2017 Жоғары лиганың чемпионы — "Спарта Номад" (Астана)! Біздіңқұттықтауымызды қабыл алаңыздар", - деп жазылған КВН-нің ресми сайтында.
Айта кетейік, КВН ойындары Жоғары лигасының финалы кеше Мәскеуде өтті.
Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті.
Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленсе, үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті.
Ойынға қатысқан танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев бұл жеңіс Тәулесіздік қарсаңында ел тұрғындарына тамаша сый болғанын қуана хабарлады.
"Еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне "Спарта" КВН командасы керемет сый жасады! Біз бұл жеңісті 17 жыл күттік! Баршаңызды бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті мерекесімен құттықтаймын! Спарта - Чемпион!!!", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
NUR.KZ.
16 желтоқсан 2017 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930