Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН ҚАЛАЙ АТАП ӨТТІ?

ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН ҚАЛАЙ АТАП ӨТТІ?


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Біз ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық.  Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзіне өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді танытты», – деп атап көрсетті.
Расында да Астана біздің Отанымыздың жүрегіне, халықты біріктірген ұлттық идеяға айналды, ол–халықтың өз күші мен ұлы мақсаттарына деген сенімінің символына. Ақиқат бір нәрсе бар: біз 20 жылдың ішінде әлем таныған Астананы салдық. Жаңа Астана және Президент Назарбаев арқылы Қазақстанды әлем таныды және мойындады. Кеше ғана Сарыарқаның төсінде іргесі қаланған Астанаға бүгін  20 жыл толды. Қазір Қазақстанда ғана емес, Астанааның 20 жылдық мерейтойын әлем елдері де атап өтуде. Сонымен…
 Аустрия: Астана жаһандық орталыққа айналды
Аустриядағы Қазақстан  елшілігінде Астананың 20-жылдығына және Қазақстан дипломатиялық қызмет күніне орай салтанатты кеш өтті.
Кездесуде елші Қайрат Сарыбай қонақтарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақ дипломаттарының жұмысының нәтижелері туралы мәлімдеді. Бұл маңызды миссиясы жоғары беделге ие екенін тағы бір рет дәлелдегенін және халықаралық қоғамдастықта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт, сындарлы ішкі және сыртқы саясатын пайдаланатынын атап өтті.
Елбасының сыртқы саяси бастамаларын іске асыру орталығы бүгінгі күні өзінің 20-жылдық мерейтойын атап отырған Қазақстанның астанасы болды. Өткен жылдар ішінде Астана еліміздің тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталықтарына, сондай-ақ, жаһандық маңызы бар халықаралық форумдар өткізу орнына айналды.
Осыған байланысты Елші жиналғандарды Астана қаласында өткен маңызды бастамаларымен, оның ішінде ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕЭО саммиттерінің, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері мен Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің қорытындыларымен таныстырды.
Қонақтар Қазақстан  тұрақты өкілдігінің Вена халықаралық алаңындағы қызметінің негізгі бағыттарымен, Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен және ЕО өзара іс-қимылымен, сондай-ақ Қазақстан-Аустрия және Қазақстан-Словения қатынастарының өзекті жай-күйімен танысты.
Қазақстан дипломаттарын кәсіби мерекесімен құттықтауға Аустрия және Словения қоғамдық-саяси топтарының, Аустрия СІМ-нің, дипломатиялық корпустың өкілдері, Аустрия және Словениядағы ҚР Құрметті консулдары, халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар, Аустрия-Қазақстан қоғамының өкілдері, қазақ диаспорасы мен студенттер қатысты.
Қазақстан астанасы туралы деректі фильмі, сондай-ақ Астананың
20-жылдығына арналған фотокөрмесі қатысушылар үшін үлкен қызығушылық тудырды және көптеген оң пікірлер айтылды.
Аустрияның музыкалық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер Әлия мен Әмина Машкеевтер, Айдана Мадьяр және Жәңгір Жұбанов қазақстандық дипломаттар мен қонақтарды ұлттық және халықаралық музыкалық шығармаларды орындаумен қуантты.
Қазақстанда Домбыра күнін атап өту шеңберінде қонақтар Алматыдағы орта мектебптң оқушысы Айша Машкееваның орындауында қазақ күйлерін тыңдады.
Нью-Йорк: Астана қазақ халқының жасампаз күші  
Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілеттігінде Астананың 20-жылдығы атап өтілді.

Астана қаласының мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға Біріккен Ұлттар Ұйымының түрлі құрылымдарының басшылары, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың бөлімше басшылары мен Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сарапшылар мен журналистер қатысты.
Кешті ашқан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Астананы қалыптастыру тарихы, қаланың заманауи дамуы және оның әлемдік аренадағы рөлі туралы мәлімдеді. Ол Астананың жетістіктері Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін айтты. Астана әлемнің ең жас астаналарының бірі бола отырып, 20 жыл аралығында ғылым мен білім, мәдениет пен өнердің жоғары деңгейі қалыптасқан, сәулет өнері дамыған, ірі халықаралық іс-шаралардың және маңызды келіссөздер үдерістері мен жаһандық бастамалардың орталығына айналған заманауи мегаполис болғандығын атап өтті.
–Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысында Астананың бітімгершілік күштері көрініс тапты. Елордамыз Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүше мемлекеттерімен ынтымақтастыққа ашық, – деді Қ.Омаров мерекелік кештің қонақтарына.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ең нашар дамыған елдер, теңізге шығар жолдары жоқ дамушы елдер, және шағын аралдардағы дамушы елдер бойынша БҰҰ Жоғарғы өкілі Фекитамоелоа Утоикаману Қазақстан астанасының мерейтойымен құттықтады. Өз сөзінде ол Астана үміт пен табысты трансформацияның символына айналғанын атап өтті.
–Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі сөздері менің есімде қалды: Астана – Қазақстанның жаңғыруының символы және қазақ халқының жасампаз күші, олардың сенімі мен болашағына деген сенімділігі, – деп атап айтты Ф.Утоикаману.
БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло Астананы серпінді және қызықты қала екендігін айтты. Нақтылай ол «Қазақстанның тұрғындары осы тамаша қаланы, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өз елінің белсенді жұмысын және халықаралық аренадағы Қазақстанның маңызды рөлін мақтан ете алатынымен» бөлісті.
Іс-шара барысында «Астана – бейбітшілік қаласы» фильмі көрсетілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры әзірлеген Астананың 20-жылдық мерейтойына арналған «A Day in Astana» мерейтойлық фотоальбомы ұсынылды.
Пәкістандықтар Астананың дамуына таңданады 
Астана қаласының 20-жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде, Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі «Астана – бейбітшілік қаласы» атты «дөңгелек үстел», ресми қабылдау және фотокөрме өткізді.

Іс-шараға Пәкістан Сырты істер министрінің орынбасары Айтзаз Ахмед, жергілікті сарапшылар мен бизнес қауымдастығының, сондай-ақ Исламабад қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысы барысында Қазақстанның елшісі Барлыбай Садықов қатысушыларды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік бастамаларымен және Астана қаласының тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы ретінде даму мен қалыптасуындағы Елбасы – Ұлт көшбасшының рөлімен, сондай-ақ бас қаланың экономикалық, гуманитарлық, мәдени және саяси өмірінің негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Пәкістандық сарапшылар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ішкі саяси тұрақтылықты және төзімділікті қамтамасыз ету саясатына, сондай-ақ Астананың бітімгерлік және дәнекерлік бастамаларына жоғары баға берді. Олардың пікірінше, Сириядағы жағдайды  реттеу бойынша Қазақстанның үлесі – оның бітімгерлік миссиясын айғақтап, аймақтық дауларды диалог пен келіссөздер арқылы шешу – Қазақстанның ұстанған жолын білдіреді.
Елшілікпен ұйымдастырылған фотокөрме – жергілікті сарапшылар, бизнесмендер және дипломаттардың назарын аударды. Қатысушылар Астана суреттеріне шынайы қызығушулық білдіріп, бас қаланың сәулеттік бейнесіне және қала құрылысына жоғары баға берді. Қазақстанның барлық ерекшеліктерін және мәдениетін көрсететін әдемі, заманауи әрі бірегей қаланы қысқа мерзімде салуға Қазақстанның қол жеткізе алғаны атап өтілді.
Пәкістан Үкіметі атынын сөз сөйлеген А.Ахмед Президент Н.Назарбаевтың елдің бас қаласын Астанаға көшіру туралы шешімі дана әрі уақтылы екендігін атап өтті. Астана – Еуразияның экономикалық, саяси және мәдени орталығы болуымен шектелмей, дипломатия, бітімгерлік және халықаралық даму полюсына айналды. Пәкістан, Президент Н.Назарбаевтың бастамалары арқасында Қазақстанның әлеуметтік-экономиалық дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізгеніне таңдануда. Пәкістан басшылығы Қазақстанның тұрақтылығына және экономикалық дамуына жоғары баға берді. Екі елді әлемдік проблемаларды шешу тәсілдерінің ортақтығы, еркін ерік пен өзара түсінушілік негізінде қалыптасқан адал қарым-қатынастар байланыстырады. Астананың 20-жылдық мерейтойына орай, Пәкістан Үкіметі мен халқы атынан А. Ахмед Қазақстанның халқы мен басшылығына шын жүректен құттықтауын білдірді.
Сауд Арабиясында фотокөрме ұйымдастырылды 
2018 жылғы 1 Корольдігіндегі елшілігі ғимаратында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай фотокөрме ұйымдастырылды.

Фотокөрмеге Сауд Арабиясының лауазымды тұлғалары, іскер топтары, мәдени тұлғалар, дипломатия және БАҚ өкілдері қатысып, Астана қаласының әсем бейнелері мен негізгі архитекторлық ерекше мекендері, сондай-ақ Қазақстанның алуан түрлі табиғаты бейнеленген сирек экспозицияларын тамашалады.
Сонымен қатар, 1 шілде «Домбыра» күнінің атап өтуіне байланысты Елшілік қызметкерлері қонақтарға домбырада түрлі күйлер орындады.
Хорватия:  Қазақстандықтардың гүлденуін тілейді
Қазақстан елордасының 20-жылдығына орай, «Астана – Қазақстанның тәуелсіздік пен прогрестің рәмізі» атты «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара Қазақстанның Хорватиядағы елшілігі «Хорватия-Қазақстан» достық қоғамымен біргелесіп ұйымдастырған болатын.

«Дөңгелек үстел» барысында Қазақстанның жаңа елордасын құру тарихы және оның елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы рөлі туралы мультимедиялық презентация және видеофильм өтті.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Елорда құруында көрнекті рөлін атап өтті. Елорданы көшіру жөніндегі Елбасының батыл тарихи шешімі, сондай-ақ барлық қазақстандықтардың зор күші арқасында екі он жылдықта Астана жарқын және заманауи қалаға, әлемнің ең әдемі қалалардың біріне, прогрессивті реформалардың «қозғаушы күші» және Қазақстан тәуелсіздігінің басты рәмізіне айналды» деп атап өтілген.
Астананың диалог, сенім және өзара түсінүшілік әлемдік орталығы ретінде рөлі ерекше атап өтілді. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК саммитері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі сияқты ірі форумдарды, сондай-ақ иран ядролық бағдарламасы, Сириядағы жанжалды реттеу, Ауғанстанның мәселелерін шешу бойынша маңызды халықаралық келіссөздердің өткізуі бұны дәлелдейді.
«Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының басшылығы Қазақстанның басшылығына Астананың 20-жылдығымен шын жүректі құттықтауын білдіріп, барлық қазақстандықтарға гүлдену мен аманшылық тілектерін айтты.
Сондай-ақ Қазақстанның елшілігі «Марко Поло» халықаралық мәдени фестивалі шеңберінде қазақстандық елорданың 20-жылдығына орай фотокөрме өткізді.
Дайындаған Еркін ҚАЛДАН
08 шілде 2018 ж. 1 210 0