Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырау мен Алтайдың арасындағы музейлер Астанада көрме өткізе бастады

Атырау мен Алтайдың арасындағы музейлер Астанада көрме өткізе бастады


Астананың 20 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық музейінде «Өткенді еске алу - болашаққа жол» атты өңірдегі мұражайларының көшпелі көрмелері ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Жобаның мақсаты - республика өңірлерінің тарихы мен мәдениетін білу, Қазақстанның тарихи тұлғаларының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, халықтың мәдени танымын байытып, қазақстандық қоғамның рухани тұрғыда дамуына сеп болу.
Жобаға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының 30-дан астам мұражайлары қатысады.
«Биыл елордамыздың 20 жылдығы аясында жоспарланға іс-шаралар аясында көрмелер ұйымдастыру, жалпы шығармашылықта жүрген біздің замандастарымыздың мұрасымен таныстыру жұмыстарына ерекше маңыз беріледі. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да мәдени, рухани салада көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Міне, бүгінгі айтулы шара - ең маңызды көрмелердің бірі деп білеміз. Бүгінгі көрмеде үш облыстың ғана жәдігерлері көрсетілген. Көшпелі көрме аясында оның ауқымы өзге өңірлермен бірге кеңейе бермек», - дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Жобаны ақын, публицист, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» көрмесімен Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігі, «Ұлытау әлемі» көрмесімен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және тарихи қорық мұражайы, «Рухани жаңғыру» көрмесімен Ақмола облысының мұражайлары ашып отыр. Аталған көрмелер үстіміздегі жылдың 10 маусымына дейін жалғасады. Ары қарай жобаны Павлодар облысының (16-22 маусым), Алматы және Шығыс Қазақстан облысының (27 маусым - 7 шілде) мұражайлары жалғастырады.








06 маусым 2018 ж. 1 563 0