Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШЕКТЕУСІЗ МҮМКІНДІКТІҢ КӨРІНІСІ

ШЕКТЕУСІЗ МҮМКІНДІКТІҢ КӨРІНІСІ



Арбадағы би спортынан Қазақстан чемпионатында 
қызылордалықтар алғашқы мәрте өнер көрсетті
-------------------------------------------------------------------------------
Бүгін қызылордалықтар Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында арбадағы би спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін темір жол вокзалынан салтанатты түрде күтіп алды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 11 облысынан спортшылар қатысты. 
Айтулы сында облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз алғашқы мәрте қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 
Командалық би сайысында бақ сынасқан 1-топ мүгедектері Сағатбек Сиюов, Роза Смағұлова, Несібелі Мүслімова, Есет Дәрібаев және Александр Огай Қазақстан жеңімпаздары атанды. Жұптық сында Диана Смағұлованың жұбы күміс жүлдені иеленді. 
Айта кетейік, Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінде арбадағы би спортынан бөлімше 2017 жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда 10 спортшы осы спорт түрімен шұғылданады. 

Облысымызда айтулы спорт түрінің ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де алғашқы нәтижеге қол жеткізген жерлестеріміздің бағындырар биік шыңдары әлі алда деп ойлаймыз.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН.
17 сәуір 2018 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930