Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатыр - Исекешев

Астана мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатыр - Исекешев



Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңесте қала басшысы Әсет Исекешев Астана мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазірдің өзінде біз елордамыздың экономикасындағы өзгерістерді байқап жүрміз. Туризм, ақпараттық технологиялар, қайта өңдеу өнеркәсіптері жұмыспен қамту көрсеткішін едәуір жақсартып келеді. Ал мемлекеттік қызмет секторы бойынша көрсеткіш төмендеп барады. Бұл Астананың мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатқанын көрсетеді", - деді Исекешев. Оның айтуынша, көптеген салалар қызметтік келісімшарт пен мемлекеттік жеке серіктестіктерге көшіп жатыр. "Денсаулық сақтау мен білім беру саласында смарт технологияларды енгізу, "Сергек", көгалдандыру, абаттандыру, көлік тасымалы қызметі - осының барлығы әкімдік қарамағында немесе мемлекеттік компанияларға тиесілі болатын. Қазірде шағын және орта кәсіпті дамыту үшін осының барлығын жеке кәсіпкерлерге беріп жатырмыз", - деді әкім.
Kaz.tengrinews.kz
07 сәуір 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (9297)

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031