Қызылордада бір күнде үш өрт оқиғасы болды
Қызылорда облысында бір күнде үш өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алғашқы оқиға Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында 15 тамызда сағат 09.35 шамасында тіркелді. Тұрғын үй ауласында 200 бау сабан шөбі жанып кетті. Өртті Ерікті өртке қарсы құрылымынан 6 адам 1 техника күшімен сөндірді. Осыған ұқсас оқиға сол күні 13.00 шамасында Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында болған. Жалпы ауданы мал қораның жануы салдарынан 300 пресс қамыс шөбі өртке оранды. Өрт 15.08-де толығымен сөндірілді. «Сол күні Қызылорда қаласындағы жаңадан салынып жатқан шыны зауытының аумағында асханаға арналған темір контейнері толығымен жанды. Өрт ошағынан сыйымдылғы 50 және 27 литрлы 2 газ баллондары шығарылды. Өрт 15-13 оқшауланып, 15-21 толық жойылды. Барлық оқиға бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мұнай және газ қалдығының жануынан үш адамды күйік шалды.
https://www.inform.kz
https://www.inform.kz