Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Қызылордада тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды, деп хабарлады Egemen.kz.
Оқыс оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында орын алған. Үй алдындағы уақытша баспананың кіреберіс бөлмесінде 27 литрлік газ баллоны жарылған.
«Оқиға барысында үйдің иесі 55 жастағы әйел адамның денесінің 80 пайызын, алты жасар қыз баланың денесінің 50 пайызын күйік шалған. Олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

https://egemen.kz
02 маусым 2021 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031