«… ол бәрібір саған тартады»
Бердібек Соқпақбаевтың Қожасын білмейтін адам некен-саяқ. «Ақылды тентектің» түбінде адам болатын бала екеніне Майқанова апайы сенбеуші ме еді?! Сондағы тентек Қожа, әзәзіл Жантас, сотқар Сұлтан арамызда жетіп артылады. Тек әрқайсысының шамшырағын жаға білетін жан керек.
Психологтар «дүниеге келген сәби таза ақ парақ секілді» дейді. Ал кейінгі өмірінің қалай өрілетіні өзіне, айналасындағыларға тікелей байланысты. Бала тәрбиесі – ең қиын әрі өте жауапты міндет. Өйткені оның белгілі бір тәртібі жоқ. Әр отбасы – бір-біріне ұқсамайтын бөлек шағын мемлекет. Осыны ескерсек, тәрбие шеңберге сыятын шаруа емес.
Қызылордалық Гүлжан Қайырбекқызы – көпбалалы ана. Отағасы екеуі төрт қыз, бір ұл өсіріп отыр. Тұңғышы мен өзінің он жастағы кезін салыстырған ол айырмашылық аспан мен жердей екенін тілге тиек етті.
– Қызымның ой-өрісі, арманы тіпті бөлек. Ерте жетілгендей көрінеді, өмірге қатысты көзқарасы қалыптасып үлгерген. Бұған кейде таңғаламын, кейде риза боламын. Ғалымдар 2003 жылдан бергілерге «Z ұрпақ» атауын берген. Оларды қатаң тәртіппен, қорқытып-үркітіп емес, рухани біліммен жүрегін жаулау арқылы ғана тәрбиелей алатынымызды айтып та жүр. Бірақ тәрбие қалыпқа көнбейді. Әр отбасының жеке құндылығы болатынын былай қойғанда әр бала – өз алдына бір әлем. Әрқайсысының талап-тілегі, қалауы басқа. Біріне қолданған әдіс екіншісіне жүрмейді, біріне айтқан сөзің келесісіне әсер етпеуі мүмкін, – дейді кейіпкеріміз.
Көпбалалы ана пайдалы бірді-екілі тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық балаларды қорғау, Құрбан және Ораза айт күндері балаларға арманындағы сыйлықты әперу дағдыға айналған. Ай сайынғы жәрдемақының бір бөлігі кітап сатып алуға жұмсалады. Балалар әуелгіде қызылды-жасылды суретті мұқабаға қызықса, бұл құмарлық біртіндеп ертегі мен әңгіме жинақтарына ауысты.
Замандасымыз ұл-қыздарын смартфоннан алыс ұстаудың да амалын тапқан.
– Үлкен қызымызға телефон әпергенде бар ықыласы соған бұрылып кетті. Сөйтіп, оған үш күнді смартфонсыз өткізуді ұсындым. 11 жастағы Кәусар сонда: «Анашым, телефонға көп қараған күні не болатынын білемін. Кешке қарай қатты шаршаймын. Ал қарамаған күні сурет салуға да, достармен бірге ойнауға да уақыт табамын» деді. Біз көбіне шешімді баланың еркіне қалдырамыз. Бұл есейгенде өзі үшін керек, – дейді Г.Қайырбекқызы.
Көбіміз тәрбие мәселесінде «жұрттың баласын» үлгі ететініміз анық. Алайда бұл екінің біріне мотивация бола алмайды. Ең дұрысы – «Баланы емес, өзіңді тәрбиеле, ол бәрібір саған тартады» деген халық даналығы.
Құрметті оқырман, ал сіз балаңызды қалай тәрбиелеп жүрсіз?
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы»