Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері көпқабатты үйден 5 бала құлап кеткен

Қызылордада жыл басынан бері көпқабатты үйден 5 бала құлап кеткен

Қызылорда облысында балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезесінен құлау жағдайы көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде 2018-2021 жылдар аралығында балалардың көппәтерлі тұрғын үйлердің балконы мен терезесінен құлауына байланысты жазатайым оқиғаларға талдау жүргізген болатын. «Биылғы жылғы бес айдың өзінде облыс бойынша терезеден құлауының 5 балалардың дерегі тіркелді. Аталған оқиалардың 1-і Шиелі ауданында болса, қалған 4-і Қызылорда қаласында кездесті. Олардың 1-і жансақтау бөлімінде жатса, 2-і палатаға ауыстырылды. Ал 2 баланың денсаулығы жақсаруына байланысты үйлеріне шығарылды. Айта кетерлігі, 2020 жылы - 6, 2019 жылы - 7 (1-і қаза болған), 2018 жылы - 4 бала (1-і қаза болған) осындай жағдайды басынан өткізді», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. Ведомство мәліметінше, өңірде көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі облыс орталығында орналасқан. Сондықтан жазатайым оқиғалардың басым бөлігі Қызылорда қаласының еншісіне тиеді.
https://www.inform.kz​​​
13 мамыр 2021 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31