Коронавирус жұқтырғандардың үштен бірінің жүйкесі сыр береді - зерттеу
Зерттеу жұмысы Lancet Psychiatry ғылыми журналында жарияланды. Ғалымдар 236 мың науқасты зерттеген. Олар коронавируспен ауырып шыққандарда алты айдан кейін 14 түрлі жүйке және психика бұзылуы байқала бастағанын анықтаған.
Зерттеу барысында COVID-19-бен ауырып шыққандарда ми жұмысы бұзылуы анықталған.
"Коронавирус анықталған 236 379 науқастың ішінде алты айда неврологиялық немесе психиатриялық аурулар диагноздарының таралуы 33,62 пайыз болды", - делінген зерттеуде.Ең көп тарағандары мазасыздықтың бұзылуы (17 пайызында) және аффектив бұзылу (14 пайыз) болды. Басқа диагноздар сирек тіркелді: ишемиялық инсульт - 2 пайыз, заттарды қолданудан туындаған ауру - 6,5 пайыз, ұйқысыздық - 5 пайыз, деменция - 0,7 пайыз.
"Біздің деректеріміз (науқастарға) қажет болуы мүмкін көмектің ауқымы мен сипатын көрсететін маңызды дәлелдерді ұсынады. Алынған мәліметтер, сонымен қатар, реанимацияға жатқызылған немесе Сovid-19 кезінде энцефалопатиясы бар (мидың қабынбайтын ауруы-ред.) науқастарды күшейтілген неврологиялық бақылаудың қажетін көрсетеді", - делінген зерттеуде.