Денис Тен туралы кітапты бір айда 1 млн адам жүктеген
«Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1000000 адам жүктеп алды. Соның ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан (8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8 пайыз), АҚШ (10 пайыз), Түркия (3 пайыз), Италия (4 пайыз), Канада (3 пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды. Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.
24.kz
24.kz