Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адыраспан

Адыраспан

Ертеректе бір шопан төбелесіп жатқан жылан мен саршұнақтың үстінен түседі. Сырттай бақылап, мына бір әрекетке таңырқай қарапты. Саршұнақ жыланның уылы тісі жарақаттаған денесінмен адраспан шөбіне аунап, артынша арпалысын жалғастырады. Саршұнақ әлгі әрекетін бірнеше рет қайталайды. Осы бір оқиға адраспанның емдік шөп ретінде орта Азияда кеңінен қолдануына түрткі болған деседі. Бұл әрине бір нұсқа ғана.
    Көптен бері тұмау отбасымызды айналдырып жүр. Пысылдап, түшкіру көбейіп кетті. Кешкісін бәйбішем екеуміз үлкендерден көргеніміз бойынша адраспан түтетіп, үйді көк түтінге бөктірдік. Кішкентайлар мәз, «ойнап жүр» десе керек. Содан не болды... Пысылдау да, түшкіру де, сап тыйылды.
   Ғылым: тұмау, ревматизм, ұмытшақтық, тіс аурулары, бастың созылмалы аурулары, буынның қабынуы, бел, сал ауруы, асқазан ауруларына адраспанның емдік қасиеті бар екендігін әлде қашан дәлелдеп қойған.
      Адраспан түтетсең «күнәһар» санайтын асыра діншіл пәтшаһарлар кішкене болсын ғылыммен санасса деген ой ғой менікі...

Қожахмет КЕҢЕСБЕКОВ

islam.kz
04 желтоқсан 2019 ж. 1 218 0