Күрделі ота бес адамның өмірін сақтап қалды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бір күнде бес бірдей сәтті жасалған ота. Бұл – өскемендік әріптестеріне шеберлік сағатын өткізген еліміздің белгілі нейрохирургі Мыңжылқы Бердіхожаевтың жұмысы. Ота Шығыс Қазақстан облыстық Мамандандырылған ауруханасында жасалды.Алматыдан арнайы келген нейрохирург бас миының артериовенозды мальформациясын жабу бойынша күрделі оталар жасады. Адам өмірін сақтап қалуда мұндай оталар ерекше әрі өте күрделі саналатыны белгілі.
«Артериовенозды мальформацияны эмболизациялау жоғары технологиялық оталар тізіміне жататындықтан ол нейирохирургтер тәжірибесінде сирек кездесетін өте күрделі оталардың бірі. Бұл жерде қазақстандық нейрохирургияның дамуы көңіл қуантады», - деді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімі мегерушісі Мыңжылқы Бердіхожаев.
Бұл күні қалыпты өмір салтына қайта оралу мүмкіндігі өңірдің бес тұрғынына бұйырды. Отадан соң адам өмірін жалмауы мүмкін деген дерттің беті қайтты. Ота пышақ қолданылмай жасалып, дерт белгілері байқалмаған науқастар үшінші күні үйлеріне қайтарылды.
«Облыстық Мамандандырылған медициналық орталықтағы әріптестерімде бас миына жоғары технологиялық күрделі оталар жасауға мүмкіндік беретін құрылғылары бар. Осы себепті оны қолданып, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігін қолдан жіберіп алмау керек», - деп қосты нейрохирург.
«Мыңжылқы Сайлауұлы бізге артериовенозды мальформацияны эмболизациялау бойынша бес ота көрсетті. Біз бұл оталардан көптеген техникалық жаңашылдықты үйрендік. Шеберлік сағаты жаңа әдістерді үйретіп, шеберлігімізді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл жолы алған дағдыны алдағы тәжірибемізде кәдеге жаратамыз деп ойлаймын», - деді ШҚО Мамандандырылған медициналық орталығының нейрохирург дәрігері Мұхтар Қорабаев.
Қоса кетсек, ШҚО Мамандандырылған медициналық орталығының дәрігерлері бүгінгі таңда жоғары дәрежедегі нейрохирургиялық оталар жасау тәжірибесін жинақтап қана қоймай, сонымен қатар осы саланың жаңашыл бағыттарын зерттеу арқылы, өңірде неирохирургияның дамуына ерекше үлес қосуда.
Біздің анықтама: Мыңжылқы Бердіхожаев – отандық эндоваскулярлы нейрохирургия саласының қайнар көзінде тұрған маман. Ол елімізде көптеген оталарды алғашқылардың бірі болып жасауды қолға алған. Соның бірі ретінде оның 2013 жылдың 13 мамырында жасаған механикалық тромбоэктомия отасын атап өтуге болады. Нейрохирург елімізде алғаш рет аневризма мен артериовенозды мальформацияны (артерия мен веналар арасындағы патологиялық байланыс) емдеуде эндоваскулярлық әдісін енгізді. Ол өз тәжірибесінде 3200-ден астам ота жасаса, оның 2700-і бас сүйекті ашпай қантамыр арқылы жасалған ота. Бұдан бөлек, бұл азамат «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы болып келеді.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ