
ТӨЛ ПЕРЗЕНТТІҢ ТАРТУЫ
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген екен. Күйге бұдан артық баға беру де қиын. Расында күй құдіреті көңіл көкжиегінің кілті іспетті. Түсінсең, түйсінсең...












