
Сұлулық!
Сол сұлулыққа құмар жандардың бірі – мен едім. Сапсары сәулелері самсаған күннің нұрымен, шашырап төгілген қызыл арай іңірдің құпия сұлулығы жас көкіректі жай таптырар ма еді? Тылсым түнегіне бүркенген қараңғы түндер, сол түнекте жұлдыздай жылтыраған жүрекке шым-шымдап құйылған сұлулықтар, сұлу сезімдер...












