Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда «Томирис» фильмінің тұсаукесері өтті

Түркияда «Томирис» фильмінің тұсаукесері өтті

31 тамызда Ыстанбұлда «Томирис» фильмінің Түркиядағы премьерасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарихи драманың бауырлас елдегі алғашқы көрсетіліміне фильмнің режиссері Ақан Сатаев және басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын арнайы қонақ болды.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған премьераға, сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері және Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ұлы даланың тарихын тартымды түрде паш еткен отандық фильмді жиналған көрермендер ыстық ықыласпен қабыл алды.
Осы ретте Томирис ханшайымның Түркияда да танымал тарихи тұлға екенін, оның есімінің қыздарға берілетінін айта кету керек. Аталған кинотуынды 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы екі жүзден астам кинотеатрларда көрсетілімге шығып, қалың көрерменге жол тартады. Тәуелсіздікке арналған меркелік іс-шаралардың жалғасатынын айтқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә. Байел «Томирис» кинокартинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсетініне сенімін білдірді.  


https://egemen.kz​​​
02 қыркүйек 2021 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930