Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Томирис" фильмінің америкалық нұсқасының трейлері шықты

"Томирис" фильмінің америкалық нұсқасының трейлері шықты

BAQ.KZ. "Томирис" фильмінің АҚШ аумағында дистрибуция құқығын сатып алған Well Go USA компаниясы тарихи туындының америкалық трейлерін өзінің YouTube-арнасына жүктеді, деп хабарлады Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

Кино жаңалықтары туралы ақпарат тарататын танымал firstshowing.net сайтында жарияланған рецензияда мақала авторы экшн көріністерге, оқиға желісінің түпнұсқалығы мен басты кейіпкердің шынайылығы мен сомдаған рөліне таңданысын айтып, ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес береді.

Еске салсақ, кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.
22 шілде 2020 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31