Ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады
Бейбітшілігі мен келісімі орныққан еліміздің жан-жақты дамуының куәгері ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауын зор ықыласпен қабылдадым. Кезекті Жолдаудың бір ерекшелігі экономикалық даму мен өмір сапасын арттыруды үйлестіріп, біртұтас қарастырылуы дер едім. Бұл мемлекетіміздің әлеуметтік, демократиялық айқын сипатын айғақтай түседі. Қазіргі елдегі ахуалды жан-жақты саралай білген мемлекет басшысы кез-келген жағдай әзір болуымыз керектігін баса айтты. Яғни, індетпен күресудің жолдарын қарастырып, медицина саласының дамуына басымдық берді. Сонымен қатар, карантиндік шектеулер, көптеген жұмыстың тұралап қалғандығын ескерген ол ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды ұсынды. Бұл індетпен күресіп еңсесі түскен халықтың көңіліне демеу болды. Нарық қыспаққа алған мезеттегі оңды шешім десек те болады.
«Елімізде ең төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан бері көбейген жоқ. Дағдарыс халықтың табысына кері әсерін тигізді. Ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен біршама артта келеді. Сондықтан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 миллионнан астам адамды қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, бұл ЖІӨ-нің 1,5 есе артуына септігін тигізеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында.
Жолдауда айтылған жүйелі істер жалғасын табарына сенеміз!
Мейірлан Балабекұлы
Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығының
кеңесші маманы