Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалақы мен зейнетақы өседі

1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалақы мен зейнетақы өседі


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, олар 2019 жылғы 1 қаңтарда күштеріне енді. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен бүгіннен бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері 1,5 есеге өседі, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Жаңа жылдан бастап ЕТЖ - 42 500 теңге болады. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, ЕТЖ өсірудің нәтижесінде 6 миллионнан аса жалдамалы жұмыскердің иемденетін табысы салықтан босатылатын кіріс көлемінің ұлғаюы есебінен жылына 15 мың теңгеге дейін өседі. "ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы аясында қабылданған барлық түзетулер алдымен әрбір қазақстандықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Елбасы тапсырмасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) қызметкерлерін ынталандыру үшін 1 қаңтардан бастап ауруларды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуші учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 20 пайызға кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Осы жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрігерлердің қызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңмен көбейту арқылы жалпы практика дәрігерлеріне, бейінді мамандарға істелген жұмысына сай ақы төленетін болады. Осылайша, биылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылған жағдайда барлық жәрдемақы алушылар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшері республикалық бюджеттен ұқсас төлемдерді индекстеу деңгейіне сәйкес 5 пайызға арттырылды. Бұл еңбекке қабілетінен айырылғанына байланысты 88,3 мыңға жуық әлеуметтік жәрдемақы алушыға және асыраушысынан айырылған 50,1 мың әлеуметтік жәрдемақы алушыға қатысты. Осылайша, еңбекке қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 15,9 мың теңгеден 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 20,6 мың теңгеден 21,7 мың теңгеге дейін өсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгіннен бастап ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, базалық зейнетақы 5 пайызға өсті. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы - 36 108 теңге, ең төменгі базалық зейнетақы - 16 037 теңге. Осылайша, міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлік демалысқа шыққан ерлер мен әйелдер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы - 52 145 теңге. Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызтең БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері де өзгерді. 2019 жылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері - 16 037 тг құрайды. Ең төменгі ынтымақты, базалық және жинақтауыш компоненттерді қосқанда, 68 182 теңгеге тең зейнетақы төлемдерінің ең төменгі жиынтық мөлшері шығады. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқығы бар азаматтар осындай ең төменгі зейнетақы ала бастады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/1-kantardan-bastap-kazakstanda-jalakyi-men-zeynetakyi-osed-294618/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
05 қаңтар 2019 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031