Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп түбі – береке

Кәсіп түбі – береке

 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі жолдауы еліміздегі қандай саланың да болашақтағы бағыт-бағдарын айқындап берді. Мемлекет басшысы еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға, сонымен қатар кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші екенін ескерсек, бүгінгі күні мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек те жетерлік.
Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында.
Қазір кәсіппен айналысамын деген адамға мемлекетіміз тарапынан көп мүмкіндік жасалып жатыр. Тек істеген ісіңнің ілімін тапсаң болды. Менің «Өлеңді-2» шаруа қожалығын басқарғаныма он жылға жуық уақыт болды. Осы жылдар аралығында «мал баққанға бітеді» демекші, өзіме, бауырларыма жетерлік мал басын жинадым. Соның арқасында жағдайымыз жақсы. Жалпы, қандай істе де ынтымақ пен бірлік керек.  Сонда ғана ісің алға басып, жүзің жарқын болары анық.
Сайфурхан Омарханов
«Өлеңді-2» шаруа қожалығының төрағасы
­Шиелі ауданы,
Ботабай ауылы
01 қыркүйек 2021 ж. 351 0