Медицинаға баса мән беріледі

Сонымен қатар Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс екенін алға тартты.
"Тестті халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет", - дейді ол.
Сөзінше, дағдарыстан кейін де еліміздегі медицинаны дамытуға баса мән беріледі екен.
"Медицина саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Үкімет халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс. Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын", - деп қосты Президент.
Иә, карантин кезеңіне шыдап, үйден шықпай отыру оңай емес. Дегенмен қазір ең тиімдісі осы болып отырғаны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайға бір айдан аса уақыт шыдадық, енді бас-аяғы екі апта мерзімде сабырлық сақтап, ережені сақтасақ, дертті ауыздықтайтын күн жақын.
Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары