Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт болып ұйысу маңызды

Ұлт болып ұйысу маңызды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартты.
Президент оқушылар мен студенттер әлі де қашықтан оқи беретінін айтты. Бұл әрине оқу орнына келіп, дәрісханада сабақ өтіп, ұстаздарымен бірге тәжірибеде үйренгенге жетпейді. Дегенмен біздің оқытушылар мен білім алушылар қашықтан оқыту жүйесіне де төселіп қалды. Бұл бір жағынан уақыт үнемдеуге, студенттердің өз бетінше ізденулеріне жол ашады. Қазіргі жағдайда бұдан артық шешім жоқ. Ең маңыздысы – төтенше жағдай режиміне бағынып, үкімет бекіткен ережеден аттамау. Сонда ғана дертті дендей аламыз. Мұны Мемлекет басшысы да өз сөзінде ашып айтты.
«Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті. Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін! Халқымыз «Береке басы – бірлікте» дейді. Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз! Біз біргеміз!», - деді Президент мәлімдемесінде.
Қазіргі жағдай қай сала мамандарына болмасын оңайға түсіп жатқан жоқ. Көпшілік табыс тауып отырған жұмыстарын тоқтатып, үйде отыруға мәжбүр болып жатыр. Осыны ескерген Президент Қ.Тоқаев 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек мамыр айында да берілетінін жеткізді.
Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін.
Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық.
Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Менде өз кезегінде аудан тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын.
Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық.

Мейрамхан Дүйсенов,
Шиелі индустриалды аграрлы колледжінің директоры

27 сәуір 2020 ж. 603 0