
ЕР-ТҰРМАН ДАУЫН ЕКІ АУЫЗ СӨЗБЕН ШЕШКЕН БИ
Ертеректе Сыр бойында Қаналы болыс болып тұрған кезде ер-тұрман құнын өндіріп алу жөнінде билер кеңесі өтіпті. Оны шешуге осы өңірдегі белгілі билерден Досбол датқаның баласы Әуез, Жаппас руынан Аппаз, Керейіттен Келдібай, Тынымбай, ал Табыннан Алданазар бас қосады. Бұл жолы даудың шешімін айту Алданазардың...