Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

Батыс Қазақстанда қалыптасқан циклон, жоғарғы жылдамдықпен бір тәулікте Батыс Сібірдің шығысына кетеді. Ал онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың батыс аймағынан сондай жылдамдықпен шығысқа қарай ауысып, жауын-шашын, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және ауа температурасының төмендеуін әкеледі. 

Кей жерлерде күтілетін жаңбыр мен найзағайға қарамастан Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері көктемдегідей жылы болып, күндіз ауа температурасы плюс 10…20°С дейін жылынады.
14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.
15 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан соұұан желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан да жылдам, бұрқасын соғуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.
baq.kz
13 наурыз 2019 ж. 940 0