Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әйелдер 8 наурызға қандай сыйлық алғысы келеді

Қазақстандық әйелдер 8 наурызға қандай сыйлық алғысы келеді



Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел тұрғындарының арасында сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, еліміздегі ерлер әйелдерге қандай сыйлық жасауды қолай көретінін, сонымен бірге нәзік жандардың өздері қандай сыйлық алғысы келетінін тұспалдап білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы 8 наурыз қарсаңында «Әйелдер қандай сыйлық қалайды?» тақырыбында сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 134 адам қатысқан. Сауалнамаға қатысқандардың 88 пайызы - әйелдер.

Сауалнамаға қатысушылардың ойынша, зергерлік бұйымдар мен гүлдер - көктемнің шуақты мерекесінде сұранысқа ие сыйлық болып шықты.

Сонымен бірге, көп тарту етілетін сыйлықтардың қатарына парфюмериялық косметика, кітап немесе спорттық дүкендерде сауда жасауға болатын сертификат, сонымен бірге тұрмыстық техникалар мен ақша жатады.

Респонденттер сонымен қатар, әйелдердің киноға немесе театрға билет алуға, брендті сөмкеге, өз қолыңыздан жасаған ерекше сыйлыққа, мүмкіндік болса гаджеттерге, пәтер немесе көлікке құштар екенін жазған.

Сауалнамаға қатысушылардың пікіріне құлақ ассақ, пайдасыз сувенир сыйлықтарға, жасанды гүлдерге әйелдердің жаны қас көрінеді. Бұл тізімге ыдыс-аяқ, ас үйдің керек-жарағын, кәмпиттер, тәтті-дәмділерді, киім, құттықтау қағаз немесе ванналық керек-жарақты да жатқызуға болады.

06 наурыз 2019 ж. 1 728 0