Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар сыйлық алғаннан көрі оны берген жақсы екенін айтты

Ғалымдар сыйлық алғаннан көрі оны берген жақсы екенін айтты


Басқа адамға бақыт сыйлау өзіне сыйлық алудан да қарағанда адамдарға көптеген қуаныш сезімін әкеледі. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі Association for Psychological Science  сілтеме беріп жазады.

Зерттеу барысында ғалымдар бес күн ішінде адамдарға 5 доллардан беріп тұрды. Зерттеу жүргізген адамдардың жартысына сол ақшаға күнделікті бір зат алуды тапсырды, басқаларына бір ғана адамға сол ақшаны беруді ұсынды.
Ол адамжар артынша өздерінің көңіл-күлерімен, эмоцияларымен бөлісті. Ақшаны өздеріне жұмсағандар соңында шаршап кеткендерін мәлімдеді. Ал ақшаны біреуге бергендер керісінше өздерін бақытты сезініп, біреудің қуанғанда көрген әсерлерінің ерекше болғандарын айтты.
Зерттеу авторларының айтуынша, сыйлық алғандар оларды әрдайым салыстырған, сол кезде сыйлық бергендер сан түрлі мақтау сөздер естіп, жақсылық жасаудың ерекше әрекет екеніне көз жеткізген.
Сонымен қатар, қайырымдылық әрбір адамға өзін жоғары бағалауға мүмкіндік береді.
Stan.kz 
22 желтоқсан 2018 ж. 1 243 0