Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді

Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді



Алматы қаласындағы №54 мектептің түлектері әдеттегідей лимузинмен қыдырудан бас тартып, оның орнына Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар алып берген.

Бұл туралы Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Гүлнара Кунирова Фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазадыStan.kz ақпараттық агенттігі.
мүмкіндік береді.
«Бұл ерекше күн Алматыдағы №54 мектептің түлектерінің есінде мәңгі қалмақшы. Бүгінде олар көпшілікке ой салар және жүректерінде ерекше із қалдырарлықтай әрекет жасады. Барлық түлектер үшін дәстүрлі саналатын лимузинмен серуеннің орнына, олар мектеп директоры мен ата-аналарымен ақылдасып, ол ақшаны Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты балалар орталығындағы палаталардың біріне теледидар сатып әперуге жұмсау туралы шешім қабылдады. Көптеген балалар үшін қайырымдылық тәжірибесі олардың өмірінде бірінші рет болып тұр. Бұл олардың жаңа жауапты өмірлерге қадам басар маңызды сәтіндегі игі іс болсын», – деп жазды Гүлнара Кунирова.
Алматылық түлектер лимузинде серуендеудің орнына қатерлі ісікке шалдыққан балаларға сыйлық алып берді
Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті осы шараға қолдау көрсеткен
№54 мектептің директоры мен ата-аналарға және түлектерге алғыс айтып, ризашылығын білдірді.


«Балалар орталығында әлі де теледидар жоқ тағы 11 палата бар.
1 маусым қарсаңында бұл бастаманы басқа мектептердің түлектері де жалғастырса нұр үстіне нұр болар еді », – деп атап өтті Гүлнара Кунирова.
Stan.kz
29 мамыр 2018 ж. 865 0