Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен Өзбекстан халынан кешірім сұраймын!"

"Мен Өзбекстан халынан кешірім сұраймын!"

Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиғадан аман қалған қазақстандықтардың туыстары адам шошырлық өрт кезінде қандай жағдай орын алғаны туралы айтты.Аман қалғандардың бірі Мақсат Пернебековтің анасының сөзінше, өрттің алдында ғана ер адам туыстарына қай жерде келе жатқаны, температура қандай болып тұрғаны, жетулеріне қанша уақыт қалғаны туралы айтып, арнайы видеоролик жіберген.
"Мен Өзбекстан халынан, қаза болғандардың аналарынан кешірім сұраймын!",-дейді көз жасын тыя алмаған кейуана.
Мақсат Пернебековтің жақындары оның тірі қалғаны туралы ақпаратты теледидардан естіпті, осыдан кейін ғана туыстарына хабарласқан. Ер адам басы мен қолының күйгенін айтқан.
"Ол ұйықтап жатқан, екіншісі көлікті жүргізіп келе жатқан. Өрттің қалай шыққанын білмеймін дейді. Мен оған: «Мақсат қалай құтқара алмадыңдар, есікті неге ашпадыңдар?» деймін. Ол болса: «Әпше, мен шыққаным сол еді, автобус жарылды»,-деп айтты дейді Пернебековтің әпкесі.
Туыстарының сөзінше, Мақсаттың «Сетра» автобусын жүргізгеніне 4 жылдан асқан. Қазан қаласына бірнеше рет барған, жолды да жақсы білетін. Олардың айтуынша, Мақсат жалдамалы жұмысшы. Көлік иесі оған әр рейс үшін 60 мың теңге төлейтін.
Олар көліктің жөндеу жұмыстарына көп уақыт кеткенін атап өтті.
«Мақсат автобусты жиі жөндейтін. Автобус қожайыны тек айлық беретін. Ол бізге келіп, автобустың қалай жөнделіп жатқанын көріп қайтатын. Техтексеріс пен сақтандыруды қожайын жасайтын»,-дейді Пернебековтің жары Ақнұр Масанова.
Айта кететіні, ИДМ мәліметінше автобустың техникалық тексерістен өтпегеніне 2,5 жылдан асқан. Автобус қожайынының жолаушы тасымалдауға лицензиясы болмаған.
Еске салсақ, қайғылы оқиға Ақтөбе облысындағы тас жолда орын алды. Автобус қаңтардың 18 күні жанып кетті. Салдарынан 52 адам көз жұмып, бес адам тірі қалды. Олар бүгінде емханада арнайы күзеттің қарауымен жатыр.


NUR.KZ
20 қаңтар 2018 ж. 1 262 0